ОТБАСЫ ИНСТИТУТТАРЫН ҚОЛДАУ – ҚОҒАМ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫНЫҢ НЕГІЗІ
10.03.2026 10:56:42 109
Жаңа Конституция жобасында отбасы институтын қолдау мәселесіне ерекше назар аударылған. Негізгі заңда отбасы қоғамның іргелі негізі әрі әлеуметтік тұрақтылықтың басты тірегі ретінде танылып, оны қорғау мен қолдау мемлекет саясатының маңызды бағыттарының бірі ретінде айқындалған.
Конституциялық нормаларға сәйкес, мемлекет ана мен әкенің мәртебесін құрметтеуге, сондай-ақ баланың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған қажетті жағдайлар жасауға міндетті. Бұл қағидаттар отбасындағы жауапкершілікті арттырып, ата-ана мен бала арасындағы өзара құрмет пен қамқорлықты нығайтуға негіз болады.
Отбасы институтын қолдауға бағытталған мұндай саясат отбасылық құндылықтарды дәріптеуге, ұрпақтар сабақтастығын сақтауға және қоғамдағы әлеуметтік үйлесімділікті қамтамасыз етуге ықпал етеді. Сонымен қатар, бұл қадам қоғамның тұрақты дамуы мен берік әлеуметтік негіздің қалыптасуына қызмет етеді.