Қостанайда апатты үй тұрғындары қауіпсіз жерге көшіріледі

Қостанайда апатты үй тұрғындары қауіпсіз жерге көшіріледі

11.03.2026 18:11:25 238

Қостанай қаласында Кочубея көшесі, 11 мекен-жайындағы үйдің шатыр бөлігінің құлау жағдайына байланысты жедел кеңес өткізілді.

Аталған 8 пәтерлі тұрғын үй өткен жылы апатты деп танылған. Қазіргі уақытта онда 6 отбасы, барлығы 24 адам тұрып жатыр.

Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында төтенше жағдайлар қызметінің қатысуымен өткен кеңестің қорытындысы бойынша, оларды қысқа мерзімде қауіпсіз тұрғын үйге көшіру туралы шешім қабылданды.

Қала әкімі үйдің шатырын жеке барып қарап, тұрғындармен кездесті және қабылданған шешім туралы хабардар етті.

Мәселені шешуге жеке құрылысшы қолдау көрсетуде. Кочубея көшесі, 11 мекен-жайындағы үй әзірленіп жатқан ауданның егжей-тегжейлі жоспарлау жобасының аумағына кіреді. Құрылысшы өз құрылысы аяқталғанға дейін отбасыларға уақытша пәтерлерді жалға алуды өз мойнына алып, жаңа үй дайын болған кезде қазіргі пәтерлерінің баламасы ретінде тұрғындарға пәтерлер ұсынатын болады.

Ескірген тұрғын үйлерді бұзу қала әкімдігі қабылдаған тұрғын үйді жаңарту бағдарламасы аясында жүзеге асырылады. Бағдарлама қабылданған кезде қалада осындай 5 үй болған: олардың біреуі қазірдің өзінде көшірілген, ал қалған 4 үй Кочубея және Садовая көшелерінде орналасқан.

Жоспар бойынша, жылдың соңына дейін қаладағы барлық апатты үйлер мәселесі шешіледі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1178961?lang=kk