ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ: АДАМ – ЕҢ ЖОҒАРЫ ҚҰНДЫЛЫҚ
12.03.2026 14:22:39 130
Жаңа Конституция жобасында адам және оның құқықтары мен бостандықтары мемлекеттік саясаттың ең басты құндылығы ретінде айқындалған. Бұл қағидат құжаттың негізгі мазмұнын айқындап, азаматтардың құқықтық қорғалуын күшейтуге бағытталған маңызды нормалардың бірі болып табылады.
Құжатта азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен міндеттері бір бөлімге топтастырылып, жүйелі түрде көрсетілген. Бұл өз кезегінде әрбір азаматтың құқықтық мәртебесін нақтылап, мемлекет пен қоғам алдындағы жауапкершілігін айқындауға мүмкіндік береді. Аталған нормалар адамның қадір-қасиетін құрметтеу, заң алдында теңдік және азаматтардың негізгі құқықтарын қамтамасыз ету қағидаттарын нығайтуға бағытталған.
Сонымен қатар, жаңа Конституцияда жеке басына қол сұғылмаушылық пен жеке өмірді қорғау кепілдіктері күшейтіледі. Бұл азаматтардың қауіпсіздігі мен құқықтарының қорғалуын қамтамасыз ететін маңызды тетіктердің бірі болып саналады. Адамның жеке өміріне қол сұғылмауы, оның ар-намысы мен абыройының қорғалуы құқықтық мемлекеттің басты белгілерінің бірі ретінде қарастырылады.
Жаңа Конституцияда өмір сүру құқығы абсолютті құндылық ретінде бекітіліп, адамның өмірі мен қауіпсіздігін қорғау мемлекеттің негізгі міндеттерінің бірі ретінде айқындалады. Осылайша, құжатта адам құқықтарын қорғау мен оларды қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қағидаттар қамтылып, азаматтардың құқықтық кепілдіктерін одан әрі нығайтуға негіз қалайды.