Салықтар-2026: тұрғын үйді сату кезінде жаңа ережелер қолданылады
12.03.2026 15:32:26 214
2026 жылдан бастап Қазақстанда жаңа Салық кодексі күшіне енді. Ең көп талқыланып жатқан өзгерістердің бірі — мүліктік табысқа салық салу тәртібінің өзгеруі.
Тұрғын үй иелері білуі тиіс негізгі ақпарат 👇
❓ Енді пәтер сатқан кезде кімдер салық төлейді?
❓ Мүлікке иелік ету мерзімі қалай өзгерді?
🔹 Иелік ету мерзімі ұлғайды: 1 жылдан 2 жылға дейін
Көптеген азаматтарға әсер ететін негізгі өзгеріс — жылжымайтын мүлікке иелік етудің ең төменгі мерзімінің ұлғаюы.
Бұрын пәтер немесе үйді сатқан кезде жеке табыс салығын (ЖТС) төлемеу үшін жылжымайтын мүлікке кемінде 1 жыл иелік ету жеткілікті болатын.
2026 жылдан бастап бұл мерзім 2 жылға дейін ұлғайтылды.
📌 Бұл нені білдіреді:
егер сіз 2026 жылғы 1 қаңтардан кейін жылжымайтын мүлік сатып алып, оны 2 жылға жетпей сатсаңыз, онда құн өсімінен салық төлеу қажет болады.
📊 Құн өсімі дегеніміз —
• мүлікті сатып алу бағасы мен
• сату бағасының арасындағы айырма.
💰 Прогрессивті салық мөлшерлемесі: қанша төлеу керек
2026 жылдан бастап Қазақстанда мүліктік табыс алған кезде жеке табыс салығының прогрессивті мөлшерлемесі енгізілді.
Енді салық мөлшері алынған пайда көлеміне (құн өсіміне) байланысты есептеледі.
📊 Жылдық пайда мөлшері:
- 8 500 АЕК-ке дейін (шамамен 36,7 млн теңге) — 10%
• 8 500 АЕК-тен жоғары — артық сомадан 15%
🏗 Жаңа тұрғын үй және үлестік құрылыс
Бастапқы тұрғын үй нарығында сатып алынған мүлікке қатысты жеке ережелер қолданылады.
Егер пәтер:
• үлестік қатысу шарты (ДДУ) арқылы
• немесе талап ету құқығын беру арқылы сатып алынған болса,
онда салық төлемеу үшін мүлікке кемінде 3 жыл иелік ету қажет — шарт жасалған күннен бастап сату күніне дейін.
📌 Бұл талап құрылыс кезеңіндегі алып-сатушылықты азайту мақсатында енгізілді.
💎 Қымбат жылжымайтын мүлікке қатысты өзгеріс
2026 жылы енгізілген тағы бір жаңалық — мүліктің жиынтық құны ұғымы.
Егер бір адамның иелігіндегі барлық жылжымайтын мүліктің жалпы құны 450 млн теңгеден асса, онда жыл сайынғы мүлік салығы жоғары мөлшерлемемен есептеледі.
Алайда осындай мүліктің бірін сату кезінде бұрынғы қағида сақталады:
✔ құн өсімі болса — салық төленеді
✔ құн өсімі болмаса — салық төленбейді.
❗ Маңызды ақпарат
Егер сіз жылжымайтын мүлікті сату кезінде табыс алсаңыз:
📄 270.00 нысаны бойынша декларация тапсыру қажет
📅 сатылған жылдан кейінгі жылдың 15 қыркүйегіне дейін
💰 Салықты төлеу мерзімі:
📅 сол жылдың 25 қыркүйегіне дейін
📉 Егер мүлік пайдасыз сатылса
Егер пәтер сатып алынған бағамен немесе одан төмен бағамен сатылса, онда иелік ету мерзіміне қарамастан салық төленбейді.
Алайда міндетті түрде растайтын құжаттарды сақтау қажет:
- сатып алу-сату шарты (сатып алу кезінде)
• сатып алу-сату шарты (сату кезінде).

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-karaganda/press/news/details/1179592?lang=kk