Казахстанның Елшісі Чили Президентін ұлықтау рәсіміне қатысты
12.03.2026 15:32:30 331
Валпараисо қ., 2026 жылғы 11 наурыз – Мемлекет басшысының тапсырмасымен Қазақстанның Бразилиядағы және Чилиде қоса атқарушы Елшісі Болат Нүсіпов Вальпараисо қаласында өткен Чилидің сайланған Президенті Хосе Антонио Касттың салтанатты ұлықтау рәсіміне қатысты.
Бұған дейін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Хосе Антонио Кастты сайлаудағы жеңісімен құттықтап, Астана Сантьягомен саяси диалогты және сауда-экономикалық қатынастарды тереңдетуге мүдделі екенін атап өткен болатын.
Чили Республикасының жаңа басшысы өзінің жауап хатында Қазақстан Республикасымен достық байланыстарды одан әрі нығайтуға, сондай-ақ екі ел халықтарының жан-жақты өркендеуі жолында өзара ынтымақтастықты кеңейтуге өз елінің әзірлігін ризашылықпен атап өткен болатын.
Чили Ұлттық Конгресінің Құрмет залында өткен салтанатты шараға Оңтүстік Американың бірқатар мемлекеттерінің басшыларымен қатар АҚШ, ЕО, Азия елдері, халықаралық және өңірлік ұйымдардың жоғары деңгейдегі өкілдері, сондай-ақ Чилиде аккредиттелген дипломатиялық миссиялардың басшылары қатысты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brazil/press/news/details/1179583?lang=kk