Елорда маңындағы өңірде экопарктер дамып келеді

Елорда маңындағы өңірде экопарктер дамып келеді

13.03.2026 16:10:54 173

Елорда маңындағы өңірде экологиялық демалыс бағыты қарқынды дамып келеді. Қала тұрғындары мен қонақтары табиғат аясында уақыт өткізе алатын экопарктерді құруға ерекше көңіл бөлінуде. Мұндай орындар қалаға жақын жерде таза ауа мен жасыл табиғаттың аясында демалуға мүмкіндік береді. Бұл демалыс орындары ең алдымен Астана қаласының тұрғындарына бағытталып, табиғат аясындағы заманауи демалыс алаңдарына айналады.

Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында Ақмола облысы аумағында алдағы үш жыл ішінде шамамен жеті экопарк құру жоспарланып отыр.
Экопарктердің дамуы қолайлы орта қалыптастыруға, табиғи тепе-теңдікті сақтауға және қала маңында отбасылық әрі белсенді демалысқа жаңа мүмкіндіктер ашуға ықпал етеді. 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-tourism/press/news/details/1180582?lang=kk