«Apex-Brasil»-мен сауда-инвестициялық ынтымақтастық талқыланды

«Apex-Brasil»-мен сауда-инвестициялық ынтымақтастық талқыланды

18.03.2026 08:06:05 186

Бразилиа, 2026 жылғы 17 наурыз – Қазақстанның Бразилиядағы Елшісі Болат Нүсіпов Бразилияның сауда және инвестицияларды ілгерілету агенттігінің (Apex-Brasil) атқарушы директоры Ана Паула Репезамен кездесті.

ҚРЕлшісі «Apex-Brasil» басшылығына Қазақстанның қазіргі әлеуметтік-экономикалық дамуы, жаңа Конституция аясында елдегі саяси реформалар және 2021 ж. құрылған «Қазақстан-Бразилия» іскерлік кеңесінің қызметі жөніндебаяндады.

Тараптар,кездесу барысында Қазақстан мен Бразилия арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың қазіргі жағдайын талқылап, әсіресе өнеркәсіп, тау-кен өнеркәсібі және ауыл шаруашылығы салаларында оны кеңейтуге қызығушылық танытты.
«Apex-Brasil» компаниясының алдағы сапарлар мен іс-шаралар аясында қазақстандық әріптестерімен («Kazakh Invest», «Kaztrade» және т.б.) өзара іс-қимылын жандандыруға баса назар аударылды.

Өз кезегінде, сұхбатшы екіжақты сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын жоғары бағалады және бірлескен экономикалық іс-шараларды қоса алғанда, барынша көмек көрсетуге дайын екенін білдірді.

Анықтамалық: «ApexBrasil» (Бразилияның сауда және инвестицияларды ілгерілету агенттігі) 2003 жылы құрылып, бразилиялық өнімдер мен қызметтерді шетелде ілгерілету және стратегиялық салаларға шетелдік инвестицияларды тарту бойынша қызмет істейді. Агенттік компанияларға халықаралық нарықтарға шығуға қолдау көрсетеп, сауда миссияларын ұйымдастырады.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brazil/press/news/details/1183615?lang=kk