Қазақстан делегациясы Алаяқтыққа қарсы күрес жөніндегі халықаралық ғаламдық саммитке қатысты

Қазақстан делегациясы Алаяқтыққа қарсы күрес жөніндегі халықаралық ғаламдық саммитке қатысты

18.03.2026 08:06:09 260

2026 жылғы 16-17 наурыз, Вена - Қазақстан делегациясы Алаяқтыққа қарсы күрес жөніндегі ғаламдық алғашқы саммитке қатысты.

Саммит БҰҰ Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасы мен Интерполмен ұйымдастырып, оған 1300 қатысушыларды, оның ішінде мемлекеттерден келген делегаттарды, халықаралық ұйымдарды, технологиялық компаниялардың 400-ден астам өкілдерін, қаржы институттарын, жеке сектор мен академиялық қауымдастық өкілдерін біріктірді.

Іс-шара трансұлттық қауіптердің ең қарқынды өсіп келе жатқан түрлерінің бірі, соның ішінде киберкеңістікте жасалатын нысандарын қоса алғанда - алаяқтыққа қарсы іс-қимылдың үйлестірілген халықаралық тәсілдерін әзірлеуге арналды.

Қазақстан делегациясының құрамына Сыртқы істер, Ішкі істер министрліктерінің және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері кірді.

Саммит аясында Қазақстан делегациясы шет мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың және киберқауіпсіздік пен қаржылық қылмыстарға қарсы іс-қимыл саласында жұмыс істейтін жетекші компаниялардың өкілдерімен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді. Келіссөздер барысында тараптар киберқылмысқа қарсы күресте заманауи технологиялық шешімдерді енгізуді кеңейту және бірлескен бастамалар мен жобаларды іске асыру перспективаларын талқылады.

Саммит барысында ұйымдастырушылар Алаяқтыққа қарсы күрес жөніндегі іс-қимылға шақыруды және Мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті дамытуға арналған жаһандық негіздемелік стратегияны ұсынды, оларға мемлекеттер, халықаралық ұйымдар және жеке сектор қосыла алады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-vienna/press/news/details/1183585?lang=kk