Джакартада Қазақстанның жаңа Конституциясы бойынша референдум қорытындыларына арналған баспасөз конференциясы өтті

Джакартада Қазақстанның жаңа Конституциясы бойынша референдум қорытындыларына арналған баспасөз конференциясы өтті

19.03.2026 12:16:16 166

Джакарта, 2026 жылғы 18 наурыз - Қазақстанның Индонезиядағы Елшілігінде 2026 жылғы 15 наурызда Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы бойынша республикалық референдумда дауыс беру қорытындыларына арналған баспасөз конференциясы өтті. Жиынға Индонезияның Сыртқы істер министрлігінің, мемлекеттік органдардың және БАҚ өкілдері қатысты.

Қазақстанның Индонезиядағы Елшісі Сержан Әбдікәрімов өз сөзінде қонақтарға Конституцияның тарихы, жалпыұлттық талқылау процесі, референдумның оң нәтижелері және қабылданған жаңа Конституциядағы негізгі новеллалары туралы егжей-тегжейлі баяндады. Сондай-ақ елдің Ата заңы ұлттың жаңа сапасын қалыптастыруға бағытталған прогрессивті қоғамдық келісімге және халық бірлігі мен ынтымақтастығының айқын символына айналғанын атап өтті.

Қатысушылардың көптеген сұрақтарына жауап беріп, дипломат оларды Қазақстандағы «Наурыз мейрамы» дәстүрімен және оның «Наурызнама» тұжырымдамасы аясында онкүндік мерекелену тәртібімен таныстырды. Қонақтарға арнайы бейнеролик көрсетіліп, домбырада танымал музыкалық шығармалар орындалды.

Аталған іс-шараға қатысушылар Индонезия халқының атынан елшілікті және барлық қазақстандықтарды референдумның сәтті өтуімен және көктемгі күн мен түннің теңесу мерекесімен құттықтады.

Іс-шара соңында қонақтар ұлттық қазақ тағамдарынан дәм татты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-jakarta/press/news/details/1184939?lang=kk