«Жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық» тақырыбында брифинг
19.03.2026 13:02:32 310
Ақмола облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық» тақырыбы бойынша брифинг өтті.
Шара барысында Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысы Назгүл Аюпова көлік құралдары салығын төлеушілер салық салу объектілері бар жеке тұлғалар болып табылады хабарлады.
Салық кодексіне сәйкес мыналар көлік құралы салығын төлеушілер болып табылмайды:
Ұлы Отан соғысының ардагерлері, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер және басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мінсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағы ордендерiмен және медальдарымен наградталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мінсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағы ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдар, Кеңес Одағының батырлары мен Социалистiк Еңбек ерлерi, "Халық қаhарманы", "Қазақстанның Еңбек Ері" атақтарына ие болған адамдар, үш дәрежелі Еңбек Даңқы орденiнің және "Отан" орденiнің иегерлері, "Батыр ана" атағына ие болған немесе "Алтын алқа" не "Күмiс алқа" алқаларымен наградталған көпбалалы аналар – салық салу объектiсi болып табылатын бiр автокөлiк құралы бойынша;
Меншiгiнде мотоколяскалары мен автомобильдерi бар мүгедектігі бар адамдар – салық салу объектiсi болып табылатын бiр автокөлiк құралы бойынша.
Жоғарыда аталған санаттардың меншігінде қозғалтқышының көлемі 4000 текше сантиметрден асатын жеңіл автомобиль болса, оларға қатысты уәкілетті мемлекеттік орган 2013 жылғы 31 желтоқсаннан кейін көлік құралының иесін ауыстыруға байланысты тіркеу әрекеттерін жүргізген болса, салық жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен есептеледі.
2025 жылдың кезеңіне есептеу 01.01.2026 жылға дейін қолданыста болған Салық кодексінің нормаларына сәйкес жүргізіледі, өйткені осы кезеңде 171 мың жеке тұлға 4 миллиард теңгеден астам көлік құралдары салығын төлеу бойынша өз міндеттемелерін орындауы тиіс.
2026 жылдың өткен кезеңінде көлік құралдары салығынан бюджетке 159,8 млн. түсті.
Салық сомасын келесі тәсілдер арқылы есептеуге болады:
- Мемлекеттік кірістер комитетінің kgd.gov.kz порталындағы «Көлік салығын есептеу» электрондық сервисі арқылы;
- «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасындағы «Калькуляторлар» бөлімінде.
Кәсіпкерлерді қолдау және бухгалтерлік пен салықтық есепті жүргізу сапасын арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі «Халық бухгалтері» акциясын өткізуде.
«Халық бухгалтері» — жеке кәсіпкерлер мен шағын бизнес субъектілеріне арналған тегін консультациялық көмек.
Ақмола облысы бойынша іс-шара Көкшетау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында аптасына 2 рет (сейсенбі, бейсенбі) сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін өткізіледі.
Жыл басынан бері 600 астам консультациялық көмек көрсетілді.Бұл кәсіпкерлердің акцияға қызығушылықпен жауап бергенін көрсетеді.
Сонымен қатар қабылдау уақытында аудандық және қалалық басқармалар арасында бейнебайланыс пен телефон арқылы кеңес беру мүмкіндігі көзделген
«Халық бухгалтері» акциясы салық төлеушілермен жұмыс істеуде бақылау моделінен сервистік сүйемелдеуге көшу жолындағы алғашқы қадам болып табылады. Шара барысында қойылған сұрақтарға толық жауаптар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1185039?lang=kk