Елші Бейбіт Атамқұлов Өзбекстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Бобур Усмановпен кездесті
19.03.2026 17:48:45 148
2026 жылғы 18 наурызда Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Бейбіт Атамқұловтың Өзбекстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Бобур Усмановпен кездесуі өтті.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаевтың Өзбекстан Республикасына алдағы ресми сапарына, Астана қаласында өтетін Өңірлік экологиялық саммитке дайындық мәселелері, сондай-ақ қазақстан-өзбек ынтымақтастығының өзекті мәселелері талқыланды.
Тараптар экология және климаттың өзгеруі мәселелерін шешуде өңірлік өзара іс-қимылды нығайту үшін Өңірлік экологиялық саммиттің маңыздылығын атап өтіп, оның бірыңғай өңірлік күн тәртібін қалыптастырудағы және нақты жобаларды іске асырудағы рөлін жоғары бағалады.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Президенті Қ.Тоқаевтың БҰҰ аясында Халықаралық су ұйымын құру жөніндегі бастамасына ерекше назар аударылды.
Елші Б.Атамқұлов өзбек тарабына аталған ұйымның су ресурстары саласындағы мемлекетаралық үйлестіруді күшейтуге бағытталған артықшылықтары туралы жан-жақты ақпарат берді.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар одақтастық және стратегиялық әріптестік рухында екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға өзара дайын екендіктерін білдірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-tashkent/press/news/details/1185439?lang=kk