Сеулде Наурыз мерекесі атап өтілді

Сеулде Наурыз мерекесі атап өтілді

24.03.2026 09:33:52 134

Сеул, 2026 ж. 22 наурыз – Ханган өзені жағалауында International World in Korea (IWIK) ұйымы мен Орталық Азия елдерінің студенттер қауымдастығының ұйымдастыруымен Наурыз мейрамы аталып өтті.

Іс-шараға Оңтүстік Кореядағы Қазақстан және Орталық Азия елдерінің азаматтары, қоғам белсенділері, отандастар және студенттер және Кореяның мәдени және қоғамдық орта өкілдері қатысты.

Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы Елшісі Нұрғали Арыстанов өзінің құттықтау сөзінде Наурыздың жаңару, бірлік, қонақжайлық және табиғатпен үйлесім идеяларын білдіретінін атап өтті.  Сонымен қатар, ол Наурыздың Қазақстанда мерекелену ерекшеліктеріне тоқтала отырып, мұндай  іс-шаралардың екі ел арасындағы мәдени ынтымақтастығын нығайтуға серпін беретінін айтты.

IWIK Президенті Ким А-соль (Kim Ah-sol) қонақтарды Наурыз мерекесімен құттықтап, көктемді қарсы алу фестивалінде Орталық Азия елдері мен Корея арасындағы достықтың одан әрі нығайып отырғанын тілге тиек етті.

Мереке аясында қонақтарға ұлттық тағамдар ұсынылып, Орталық Азия елдерінің мәдени мұрасын танытатын концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Сонымен бірге, ұлттық ойындар ойнатылып, қатысушыларға Наурыздың мәні мен мазмұнын тереңірек сезінуге мүмкіндік беретін достық әрі мерекелік атмосфера қалыптасты.

Наурыз мерекесін Сеулде атап өту Қазақстан мен Орталық Азия елдерінің мәдениетін насихаттауға, отандастар арасындағы байланысты нығайтуға және Корея қоғамымен мәдени-гуманитарлық ықпалдастықты тереңдетуге өз үлесін қосты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-seoul/press/news/details/1187004?lang=kk