Алматыда Молдованың Құрметті консулдығының ашылуы өтті
30.03.2026 12:52:26 344
2026 жылғы 27 наурызда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы Жәнібек Әбдрашов Молдованың Алматы қаласындағы Құрметті консулдығының салтанатты ашылу рәсіміне қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Өз сөзінде, Елші Қазақстан мен Молдова арасындағы екіжақты қарым-қатынастардың дамуын атап өтіп, екі ел арасындағы достық және өзара тиімді ынтымақтастықтың одан әрі тереңдей түсетініне сенім білдірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-almaty/press/news/details/1189516?lang=kk