Қазақстан Елшісі Мәдинадағы Мәдениеттер мен халықтар фестиваліне қатысты
30.03.2026 16:50:44 265
Мәдина, 2026 жылғы 29 наурыз – Сауд Арабиясы Мәдина өңірінің губернаторы ханзада Салман бен Сұлтан Әл Саудтың шақыруымен Қазақстанның Корольдіктегі Елшісі Мадияр Меңілбеков жұмыс сапарымен Мәдина қаласына барды.
Сапар аясында Елші Мәдина Ислам университеті ұйымдастырған Мәдениеттер мен халықтардың 14-ші фестиваліне қатысты. Іс-шараға университетте білім алып жатқан әлемнің 170-тен астам елінің өкілдері қатысып, өздерінің ұлттық салт-дәстүрлері және мәдениеттерімен таныстырды.
Сонымен қатар, қазақстандық дипломат Мәдина өңірі губернаторының орынбасары ханзада Сауд бен Нахар Әл Саудпен, сондай-ақ Мәдина Ислам университетінің президенті Салех Әл-Ағламен кездесті. Кездесулер барысында білім беру саласындағы ынтымақтастық және гуманитарлық байланыстарды одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-riyadh/press/news/details/1189836?lang=kk