📖2026 жылдан бастап жеке табыс салығы бойынша бұрынғы «Стандартты шегерім» «Базалық салықтық шегерім» болып өзгертіледі.
30.03.2026 17:24:11 241
📖2026 жылдан бастап жеке табыс салығы бойынша бұрынғы «Стандартты шегерім» «Базалық салықтық шегерім» болып өзгертіледі.
🧮Енді «стандартты шегерімнің» мөлшері 2025 жылы 14 АЕК (55 048 теңге) болғанының орнына, 2026 жылдан бастап 30 АЕК-ке (129 750 теңге) тең болады. Кейінгі жылдары да АЕК-тің жыл сайынғы мәніне сәйкес шегерім мөлшері ұлғайып отырады.
🔍Стандартты (базалық) шегерім әрбір күнтізбелік ай үшін қолданылады. Күнтізбелік жыл ішіндегі стандартты шегерімнің жалпы сомасы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын 360 АЕК-тен аспауға тиіс (бұрын – 168 АЕК).
🔹Осылайша, 2026 жылы жеке тұлға келесі жеке салықтық шегерімдерді қолдануға құқылы:
• әлеуметтік төлемдер бойынша салықтық шегерім (МЗЖ, МӘМС, МӘМС жарналары ГПХ бойынша);
• базалық салықтық шегерім;
• әлеуметтік салықтық шегерімдер.
🖍Базалық салықтық шегерім және әлеуметтік салықтық шегерімдер табыс төлеу көзінде салық агенті тарапынан келесі негізде қолданылады:
• жеке тұлғаның салықтық шегерімдерді қолдану туралы өтініші;
• әлеуметтік салықтық шегерімді қолдану үшін растайтын құжаттардың көшірмелері.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-shymkent/press/news/details/1189861?lang=kk