Роттердам қаласында Наурыз мерекесі аталып өтті
30.03.2026 18:31:35 137
2026 жылғы 29 наурызда Роттердам қаласында көктем мерекесі – Наурыз кең көлемде аталып өтті. Іс-шара Нидерландтың түрлі қалаларында тұратын отандастарды, сондай-ақ Қазақстанның мәдениеті мен дәстүріне қызығушылық танытатын осы елдің азаматтарын біріктірді. Мереке Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Нидерландтағы филиалының ұйымдастыруымен өтті.
Наурыз мерекесі дәстүрлі түрде жаңару, үйлесім және рухани тазару ұғымдарын білдіреді. Қазақстанда ол соңғы жылдары «Наурызнама» онкүндігі аясында кеңейтілген форматта аталып өтіп, бірлік, қоғамдық ынтымақ және қоршаған ортаға ұқыпты қарау құндылықтарын дәріптейді. Осы тұрғыда жауапкершілік мәдениетін, тазалық пен қоршаған ортаға ұқыпты әрі жасампаз көзқарасты қалыптастыруға бағытталған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасына ерекше мән беріледі.
Мерекелік бағдарлама аясында өнерпаздардың өнер көрсетуі, ұлттық музыка мен билер, сондай-ақ қазақ халқының бай тарихи және рухани мұрасын айқындайтын дәстүрлі мәдениет элементтері ұсынылды. Қонақтар қазақтың салт-дәстүрлерімен және қонақжайлық мәдениетімен танысып, наурыз көже, қазы, бауырсақ және басқа да ұлттық тағамдардан дәм татты.
Мерекелік іс-шара жылы әрі достық атмосферада өтіп, еркін қарым-қатынас жасауға, мәдени байланыстарды нығайтуға және әртүрлі ұлттар мен ұрпақ өкілдерін біріктіруге мүмкіндік берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-hague/press/news/details/1190057?lang=kk