493.00 нысаны «Үшінші тұлғаларға көрсетілген қызметтер туралы мәліметтер» енгізілуі туралы
31.03.2026 17:33:43 205
493.00 нысаны «Үшінші тұлғаларға көрсетілген қызметтер туралы мәліметтер» енгізілуі туралы
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 56-бабы 6-тармағында көзделген талаптар, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 30 қыркүйектегі № 554 бұйрығы күшіне енеді. Аталған бұйрықпен үшінші тұлғаларға көрсетілген қызметтер туралы мәліметтердің нысаны және оларды ұсыну қағидалары бекітілген.
Мәліметтерді ұсынуға міндетті тұлғалар
493.00 нысанын келесі қызмет түрлерін көрсететін ұйымдар ұсынады:
сумен жабдықтау, су бұру және кәріз;
газбен жабдықтау;
электрмен жабдықтау;
жылумен жабдықтау;
қалдықтарды жинау және шығару (қоқыс шығару);
лифттерге қызмет көрсету;
тасымалдау саласындағы қызметтер (жүк және жолаушылар тасымалы).
Ұсыну тәртібі
Үшінші тұлғаларға көрсетілген қызметтер туралы мәліметтер:
тоқсан сайын;
есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-ынан кешіктірілмей ұсынылады.
Мәселен, 2026 жылдың 1 тоқсаны үшін мәліметтер 2026 жылғы 10 сәуірден кешіктірілмей ұсынылуы тиіс.
Нысан Салық төлеушінің кабинеті арқылы электрондық түрде ұсынылады.
Нысанның құрылымы
493.00 нысаны негізгі нысаннан және келесі қосымшалардан тұрады:
493.01 нысаны — коммуналдық қызметтер бойынша мәліметтер (сумен жабдықтау, газ, жылу, электр энергиясы, қалдықтарды шығару, лифттерге қызмет көрсету);
493.02 нысаны — теміржол көлігімен жүк тасымалдау;
493.03 нысаны — автомобиль көлігімен жүк тасымалдау;
493.04 нысаны — су, теңіз және әуе көлігімен тасымалдау;
493.05 нысаны — жолаушылар мен багажды тасымалдау;
493.06 нысаны — құбыр арқылы өнімдерді тасымалдау.
Қосымша ақпарат
493.00 нысаны әкімшілік деректерді тегін негізде жинауға арналған.
Нысанның өзекті нұсқасы www.gov.kz
интернет-ресурсында орналастырылған.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпараттық жүйелерінде 493.00 нысанын қабылдау және өңдеу функционалын енгізу 2026 жылғы наурыз айының соңына дейін жоспарланған.
Қорытынды
493.00 нысанын енгізу реттелетін салаларда үшінші тұлғаларға көрсетілетін қызметтер бойынша бірыңғай деректер базасын қалыптастыруға бағытталған.
Аталған талаптарға жататын ұйымдарға мәліметтерді белгіленген мерзімдерде уақтылы дайындап, ұсыну ұсынылады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1190971?lang=kk