2026–2027 оқу жылына 1-сыныпқа қабылдау басталады
01.04.2026 08:21:04 235
2026-2027 оқу жылына балаларды 1 - сыныпқа қабылдау науқаны 27 мамырдан - 31 тамызға дейін жүзеге асыралады.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің бекіткен кестесіне сәйкес, Алматы облысының барлық білім беру ұйымдарында 1-сыныпқа құжат қабылдау рәсімі 2026 жылғы 18 маусым - 31 тамыз аралығында жүргізіледі.
Мемлекеттік қызметті алу үшін құжаттарды «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы немесе бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдарына қағаз нұсқада тапсыруға болады.
Балаларды білім беру ұйымдарына қабылдау үшін қажетті құжаттар тізімі:
- Ата-ананың (немесе заңды өкілдің) өтініші;
- Баланың туу туралы куәлігі;
- Өтініш берушінің жеке куәлігі;
- Медициналық анықтамалар: №065/е нысанындағы «Иммундау паспорты», №052-2/е нысанындағы «Бала денсаулығы паспорты»;
- Баланың 3×4 см көлеміндегі фотосуреті.
Ата-аналар мен заңды өкілдерді белгіленген мерзімдерді сақтай отырып, балаларды 1-сыныпқа қабылдау үшін құжаттарды уақытылы тапсыруға шақырамыз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-bilim/press/news/details/1191237?lang=kk