Кедендік бақылаудағы техникалық құралдар
01.04.2026 10:54:09 208
Кеден органдары кедендік бақылауды жүргізу кезінде кедендік бақылаудың техникалық құралдарын (жабдық, аспаптар, өлшеу құралдары, құрылғылар және керек-жарақтар) және өзге де техникалық құралдарды пайдалануы мүмкін. Кедендік бақылаудың техникалық құралдарының тізбесі мен оларды қолдану тәртібін уәкілетті орган бекітеді.
Кедендік бақылаудың техникалық құралдары адамның, өмірі мен денсаулығына, жануарлар мен өсімдіктерге қауіпсіз болуға тиіс және адамдарға, тауарларға және көлік құралдарына зиян келтірмеуге тиіс.
Қазақстан Республикасында кедендік бақылаудың тиімділігін арттыру мақсатында кедендік бақылаудың техникалық құралдары (КБТҚ) кеңінен қолданылады. Осы саладағы құқықтық реттеудің негізгі құжаты — ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының 2018 жылғы 6 наурыздағы №84 бұйрығы, ол Кедендік бақылаудың техникалық құралдарын қолдану қағидаларын бекітеді. Кедендік бақылаудың техникалық құралдары — бұл тауарлар, көлік құралдары мен жүктің ішін ашпай-ақ ақпарат алуға мүмкіндік беретін арнайы құрылғылар.
Оларға мыналар жатады:
инспекциялық-тексеру кешендері (ИТК);
рентген-телевизиялық қондырғылар (РТҚ);
металл іздегіштер;
эндоскоптар мен бороскоптар;
бейнебақылау және фотофиксация құралдары;
есірткі мен жарылғыш заттарды анықтайтын детекторлар;
деректерді тіркеу және талдау бойынша автоматтандырылған жүйелер.
КБТҚ-ны пайдалану:
бұзушылықтарды физикалық тексерусіз анықтауға;
кедендік рәсімдеуді жеделдетуге;
шекарадағы қауіпсіздікті арттыруға;
кеден органдарының аналитикалық жұмысын жақсартуға мүмкіндік береді.
Осылайша, техникалық бақылау құралдары шекарадан өту кезінде Қазақстандағы заманауи технологияларды қолдануға құқықтық негіз жасап, «ақылды» және ашық мемлекеттік бақылау жүйесін дамытуға септігін тигізеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1191386?lang=kk