Санаторий объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
01.04.2026 11:11:47 246
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2022 жылғы 10 тамыздағы № ҚР ДСМ-78 «Балалар сауықтыру және санаторлық объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды бекіту туралы» бұйрығына сәйкес санаторлық-сауықтыру ұйымдары белгіленген санитариялық нормалар мен қағидалардың сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.
Санитариялық-эпидемиологиялық талаптар санаторлық объектілерді жобалау, салу, реконструкциялау және пайдалану процестеріне қолданылады.
Санаторлық ұйымдар мыналарды қамтамасыз етуге міндетті:
- аумақтың тиісті санитариялық жағдайын, оның ішінде абаттандыру мен аймақтарға бөлуді;
- инженерлік жүйелердің (сумен жабдықтау, су бұру, жылумен қамтамасыз ету, желдету және жарықтандыру) жарамды күйде жұмыс істеуін;
- санитариялық-гигиеналық режимнің сақталуын, оның ішінде ағымдағы және жалпы тазалау, дезинфекция, дезинсекция және дератизация жүргізуді;
- белгіленген талаптарға сәйкес қауіпсіз және сапалы тамақтандыруды ұйымдастыруды;
- демалушыларға медициналық қызмет көрсетуді, оның ішінде денсаулық жағдайын бақылауды және эпидемияға қарсы шараларды уақтылы қабылдауды;
- міндетті медициналық тексерулерден және гигиеналық даярлықтан өткен персоналды жұмысқа жіберуді.
Санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес келмеген жағдайда санаторлық объектілерді пайдалануға жол берілмейді.
Санитариялық талаптарды сақтау – демалушылардың денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етудің кепілі.
«Алтынсарин аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ басшысы А.Ж. Әлмағанбет
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-altynsarin-audany-akimat/press/news/details/1191440?lang=kk