Қазақстан және Словения: ынтымақтастық фокусы – ЖИ пен цифрлық технологиялар
02.04.2026 09:13:39 226
Любляна, 2026 жылғы 1 сәуір – Цифрлық технологиялар мен инновациялар саласындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайту шеңберінде Қазақстан Республикасының Елшісі Алтай Әбибуллаев «Jozef Stefan Institute» атты жетекші ғылыми-зерттеу және технологиялық орталығының директоры Леон Цизелимен, сондай-ақ Словения Республикасы Цифрлық трансформация министрлігінің цифрлық қоғам жөніндегі Бас директоры Мойца Штруцпен өткізген кездесулерде цифрлық экономиканың, жасанды интеллекттің және ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың қазіргі ахуалы мен даму перспективаларын жан-жақты талқылады.
Қазақстан Елшісі словен тарапын Қазақстан Республикасында 2026 жылды Қазақстан Президенті Қ.Тоқаевтың «Жасанды интеллект және цифрлық технологиялар жылы» деп жариялан Жарлығымен таныстырып, бұл шешім елдің жеделдетілген цифрлық трансформация және ЖИ базасында озық шешімдерді енгізу жөніндегі стратегиялық басымдығы екендігіне назар аударды. Қазақстан цифрлық технологиялардың даму деңгейі бойынша әлемде 24-ші орынды иеленіп, осы саладағы тұрақты ілгерілеуді көрсетіп отырғаны атап өтілді. Қазақстанның электрондық үкімет жүйесін дамытудағы жетістіктеріне, сондай-ақ банк секторындағы елеулі табыстарға ерекше назар аударылды, онда финтех-шешімдерді енгізу біздің азаматтар үшін қаржылық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын едәуір арттыруға бағышталған.
Қазақстанның цифрлық форматта ауқымды мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ететін «eGov.kz» электрондық үкімет жүйесін дамытудағы жетістіктеріне, сондай-ақ банк саласындағы елеулі табыстарға ерекше назар аударылды, мұнда финтех-шешімдерді енгізу халық үшін қаржылық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын айтарлықтай арттыруға мүмкіндік берді.
Қазақстанның инновациялық экожүйесін дамытудың негізгі тұғырнамасы болып табылатын Astana Hub – IT-стартаптардың халықаралық технопаркі қызметі жеке таныстырылды. Талқылау барысында стартаптарды қолдауды, халықаралық технологиялық компанияларды тартуды, сондай-ақ IT-қызметтердің экспорттық әлеуетін дамытуды қоса алғанда, технопарктің мақсаттарына зейін қойылды.
Тараптар Қазақстан мен Словенияның мемлекеттік құрылымдарының, бизнесі мен ғылыми қоғамдастықтарының өкілдерін біріктіретін, сондай-ақ жаңа бірлескен бастамалар мен жобаларды іске қосу үшін жағдай жасайтын «AI&Digital Bridge» атты Люблянада өтетін тұңғыш қазақ-словен бизнес-форумының күн тәртібі де жан-жақты талқыланды.
Словен тарапы өзара келісу үдерісінің тамамдалып, мүдделі министрліктер арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қоюға дайын екенін растады.
Елші Премьер-Министрдің Орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі – Қазақстан-Словения ҮАК Тең төрағасы Ж.Мәдиевтің Словенияның цифрлық трансформация Министрі К.Клампфер ханымның атына жолданған 2026 ж. 4-5 мамырда Алматыда өтетін GITEX AI халықаралық технологиялық форумына ресми шақыруын табыс етіп, бұл мемлекеттік органдар және екі елдің бизнес өкілдері арасында тәжірибе алмасу мен тікелей байланыс орнату үшін маңызды алаңға айналатынын басып айтты.
Кездесулер қорытындысы бойынша Қазақстан мен Словения арасындағы жасанды интеллект және АКТ саласындағы ынтымақтастықты одан әрі кешенді дамыту, бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын іске асыруды, мемлекеттік басқаруды цифрландыру саласында тәжірибе алмасуды, технологиялық компаниялар мен ғылыми орталықтар арасындағы әріптестікті дамытуды, сондай-ақ жоғары білікті мамандарды даярлауды қоса алғанда, стартап-компанияларды қолдау бойынша қағидатты уағдаластықтарға қол жеткізілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-ljubljana/press/news/details/1192149?lang=kk