Қазақстан мен БАӘ тұрақты даму бағыты бойынша әріптестікті кеңейтуде
03.04.2026 11:17:52 240
Абу Даби, 2026 жылғы 1 сәуір – Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Елшісі Рауан Жұмабек БАӘ Президенті Аппаратының халықаралық қатынастар кеңсесінің басшысы Мариям бинт Мұхаммед Саид Хареб Әл-Мхейримен кездесу өткізді.
Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың ағымдағы жай-күйі мен даму перспективаларын жан-жақты талқылап, биік әрі жоғары деңгейлерде белсенді де сенімді саяси диалогты қолдаудың, сондай-ақ ведомствоаралық байланыстарды одан әрі кеңейтудің маңыздылығын атап өтті.
Сонымен қатар, сұхбаттасушылар Қазақстан мен БАӘ-нің негізгі халықаралық және өңірлік мәселелер бойынша ұстанымдарының жақындығын, сондай-ақ БҰҰ, ИЫҰ және басқа да көпжақты алаңдар шеңберіндегі үйлестірудің жоғары деңгейін растады.
Мариям Әл-Мхейридің бұған дейін БАӘ Климаттың өзгеруі және қоршаған орта мәселелері жөніндегі министрі қызметін атқарғанын назарға алып, қазақстандық дипломат оны су ресурстарын басқару және экологиялық саясат саласындағы сарапшы ретінде 2026 жылғы 22-24 сәуірде Астанада өтетін Өңірлік экологиялық саммитке қатысуға шақырып, Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевтың тиісті шақыруын табыстады.
Осы тұрғыда ҚР Президенті Касым-Жомарт Токаев бастамашы болған Халықаралық су ұйымын құру мәселесі, сондай-ақ 2026 жылғы
2-4 желтоқсанда Абу Дабиде өтетін БҰҰ ІІІ Су конференциясына Әмірліктер тарапының дайындығы бойынша конструктивті пікір алмасу болды.
Тараптар жаһандық су дипломатиясын дамыту және табиғи ресурстарды орнықты басқару мақсатында көпжақты ынтымақтастықты нығайту мәселелері бойынша екі ел ұстанымдарының ұқсастығын атап өтті.
Сонымен қатар, Марьям Аль-Мхейри «2PointZero» инвестициялық платформасының вице-президенті ретінде екіжақты сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі дамытудың маңыздылығын мәлімдеді. Компанияның активтерді шоғырландыру және басым секторларға инвестициялар тарту құралы ретіндегі рөлі, оның ішінде орнықты энергетика, озық технологиялар, жасанды интеллект, сондай-ақ азық-түлік және су қауіпсіздігі бағыттарының ерекшелігі айтылды.
Кездесу қорытындысы бойынша өзара қызығушылық тудыратын барлық бағыттар бойынша белсенді іс-қимылды жалғастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-abudhabi/press/news/details/1193127?lang=kk