Пәкістандық "TCS" компаниясы Қазақстанмен іскерлік байланыстарды кеңейтеді
06.04.2026 10:17:39 220
Исламабад, 2026 жылғы 3 сәуір – Қазақстанның Пәкістандағы Елшісі Ержан Қыстафин «TCS» компаниясының Негізін қалаушы және Төрағасы Халид Наваз Аванды және Бизнесті дамыту жөніндегі директор Ахмед Зафарды қабылдады.
Х.Аван осы жылдың ақпан айында ҚР Президентінің Исламабадқа сапары барысында ұйымдастырылған бизнес-форум аясында өткен кездесулер мен келіссөздер туралы хабардар етті.
Өз тарапынан Е.Қыстафин Пәкістан астанасында жоғары деңгейдегі кездесулердің қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды практикалық іске асыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді.
Сұхтабттастар көлік-логистика саласына және сауда-экономикалық ынтымақтастыққа ерекше назар аударып, қолда бар елеулі ашылмаған әлеуетті атап өтті.
TCS басшысы инвестициялар, қаржы, логистика, IT және өзара қызығушылық тудыратын басқа да бағыттар саласындағы қазақстандық компаниялармен өзара тиімді әріптестікті дамыту және кеңейту жөніндегі жоспарларымен бөлісті.
Осы тұрғыда пәкістандық кәсіпкер қазақстандық серіктестермен келіссөздер жүргізу үшін Астанаға бару ниеті туралы хабарлады.
Елші Е. Қыстафин айтылған бастамаларға толық қолдау білдіріп, қажетті көмек көрсетуге дайын екендігін білдірді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-islamabad/press/news/details/1194225?lang=kk