Жеке практикамен айналысатын адамдардың НАЗАРЫНА
06.04.2026 12:14:11 193
Салық кодексіне енгізілген өзгерістерге, оның ішінде жеке практикамен айналысатын адамдар(ЖПАА) жеке табыс салығын (ЖТС) төлеу мерзімдерінің өзгеруіне байланысты, 2025 жылдың қаңтар–қыркүйек айлары аралығындағы кезең үшін ЖТС бір жолғы тәртіппен 2025 жылғы 5 қазаннан кешіктірілмей төленуі тиіс. Аталған күн демалыскүніне сәйкес келгендіктен, төлем мерзімі 2025 жылғы 6 қазанға ауыстырылды.
🔻Сонымен қатар, ИС СОНО ақпараттық жүйесі кезең-кезеңімен пайдаланудан шығарылып жатқанын назарларыңызға саламыз. Осыған байланысты, 270.00 нысанындағы кірістер мен мүлік туралы декларацияны (бұдан әрі – 270.00 нысаны) Салықтық әкімшілендірудің интеграцияланған ақпараттық жүйесі (ИСНА) арқылы ұсыну қажет.
🔻Сонымен бірге, жаңартулар толық аяқталғанға дейін Комитет ЖПАА-ға 270.00 нысанындағы декларацияны ИСНА арқылы 2026 жылғы 15 сәуірден кейін тапсыруды ұсынады.
♦️Еске саламыз, 2025 жыл үшін 270.00 нысанындағы декларация – 2026 жылғы 15 қыркүйектен кешіктірмей тапсырылуы тиіс.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1194464?lang=kk