Кеден тізілімдерін орналастыру туралы

Кеден тізілімдерін орналастыру туралы

08.04.2026 18:17:40 112

«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 485-бабына сәйкес кеден органдары осы Кодексте белгіленген тәртіппен кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың тізілімдерін жүргізеді.

Кеден органының заңды тұлғаларды кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың тізілімдеріне енгізуі туралы, оларға енгізілген заңды тұлғаларды бұл тізілімдерден алып тастау туралы, тізілімге енгізілген кезде заңды тұлға мәлімдеген мәліметтердің өзгергені туралы ақпарат, сондай-ақ кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың қызметін тоқтата тұру, қайта бастау туралы ақпарат тиісті шешім күшіне енген күні уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.

https://kgd.gov.kz порталдың жабылуына байланысты кедендік тізілімдерді орналастыру «Мемлекеттік органдар интернет-ресурстарының бірыңғай платформасы Қызмет-Салалық құжаттар-Кедендік әкімшілендіру-Тізілімдер» бөлімінде жүзеге асырылады. Сайтқа сілтеме https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/activities/directions?lang=ru .

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1196201?lang=kk