Қалада ауқымды жол жөндеу жұмыстары басталады

Қалада ауқымды жол жөндеу жұмыстары басталады

08.04.2026 18:48:13 39

Жол активтері сапасының ұлттық орталығы өкілдерінің, сондай-ақ ағымдағы жылы жол жұмыстарын іске асыруға тартылған мердігер ұйымдардың қатысуымен установкалық кеңес өтті.

Бекітілген жоспар аясында қаладағы жол инфрақұрылымын дамыту бойынша бірқатар жұмыстар қарастырылған. Атап айтқанда:

  • 49 учаскеде орташа жөндеу жүргізу;
  • Наримановская көшесін қайта жаңарту;
  • ағымдағы және шұңқырлы жөндеу жұмыстарын жүргізу;
  • 32 аула аумағын жөндеу.

Кеңес қорытындысы бойынша жұмыстарды орындау мерзімдері белгіленді. Барлық жол жұмыстары 10 сәуірден басталады. Асфальтбетон зауыттарын іске қосу 15 сәуірге дейін қамтамасыз етілуі тиіс. Шұңқырларды жөндеу және кепілдік қызмет көрсету жұмыстары 1 мамырға дейін аяқталады. Ағымдағы және орташа жөндеу жұмыстары 1 қазанға дейін жалғасады.

Мердігер ұйымдар мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміне технологиялық талаптардың қатаң сақталуын, жұмыстардың сапасын және олардың белгіленген мерзімде орындалуын қамтамасыз ету тапсырылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1196712?lang=kk