Пайдалы қазбаларды өндіру салығы бойынша түсімдерді бюджет жүйесінің 3-ші және 4-ші деңгейдегі бюджеттеріне есептеуге қатысты
13.04.2026 16:37:15 283
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Салық кодексінің нормаларын біркелкі қолдану мақсатында мынаны мәліметке жеткізеді.
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Бюджет кодексінің нормаларымен жергілікті бюджеттердің қаржылық дербестігін кезең-кезеңімен арттыру шеңберінде кең таралған пайдалы қазбаларға, жер асты суларына және емдік балшықтарға салынатын пайдалы қазбаларды өндіру салық (бұдан әрі – КТПҚ, ЖАС және ЕБ ПҚӨС) түсімдерін бюджет жүйесінің 3-ші (аудандық, облыстық маңызы бар қала) және 4-ші (аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ) деңгейлегі бюджеттеріне есептеу көзделген.
Осыған байланысты, «Бюджет түсімдерін бюджеттердің деңгейлері, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, салықтық емес төлемдер есебінен қалыптастырылатын бюджеттен тыс қорлардың қолма-қол ақшаны бақылау шоттары және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің бюджеттері арасында бөлу кестесі» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 4 сәуірдегі № 152 бұйрығымен 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап КТПҚ, ЖАС және ЕБ ПҚӨС 105310 БКК-на есептеледі.
Сонымен қатар, 2025 жылғы 18 шілдедегі Салық кодексінің (бұдан әрі – Салық кодексі) 788 және 789-баптарына сәйкес салық төлеуші салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 25-інен кешіктірмей орналасқан жері бойынша есептелген салық сомасын бюджетке төлеуге және салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірмей орналасқан жері бойынша салық органына декларация тапсыруға міндетті.
Бұл ретте Салық кодексінің 11-бабы 4) тармақшасына сәйкес резидент заңды тұлғаның, оның құрылымдық бөлімшесінің, бейрезидент заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің орналасқан жері – Қазақстан Республикасында тіркелу кезінде Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне енгізілген оның тұрақты жұмыс істейтін органының орналасқан жері.
Осыған байланысты, қайшылықтарды болдырмау мақсатында аталған мәселе 2026 жылғы 3 наурызда жаңа Салық кодексін енгізу жөніндегі Жобалық кеңсенің отырысында қаралды, оның шеңберінде КТПҚ, ЖАС және ЕБ ПҚӨС-ты салық салу объектісінің орналасқан жері бойынша төлеу бөлігінде Салық кодексіне ретроспективті түзетулер енгізу туралы шешім қабылданды.
Жоғарыда баяндалғанды ескере отырып, Салық кодексіне тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенге дейін мыналарды басшылыққа алу қажет:
1) КТПҚ, ЖАС және ЕБ ПҚӨС бойынша 2025 жылдың 4-тоқсанына арналған декларацияны жер қойнауын пайдаланушы заңды тұлғаның орналасқан жері бойынша салық органына ұсынады (105306 БКК-на төлей отырып);
2) 2026 жылғы салық кезеңдері үшін КТПҚ, ЖАС және ЕБ ПҚӨС бойынша декларацияны жер қойнауын пайдаланушы салық салу объектісінің орналасқан жері бойынша салық органына ұсынады (105310 БКК-на төлей отырып).

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1199662?lang=kk