«Даму» қорында Ашық есік күні өтті

«Даму» қорында Ашық есік күні өтті

22.09.2026 12:31:56 311

18 қыркүйекте Ақмола облысында "Даму" қорының Ашық есік күні өтті. Ақмола облысында өткен Ашық есік күніне 183 адам қатысты.
​Кездесу барысында кәсіпкерлер мемлекеттік қолдау құралдары, қаржыландыру шарттары мен бизнесті дамыту мүмкіндіктері туралы қажетті ақпарат алды. Сондай-ақ мамандар әр кәсіпкердің жобасын жеке қарастырып, нақты сұрақтары бойынша кеңес берді.
​Ашық есік күні кәсіпкерлер үшін қажетті ақпаратты бір жерден алып, өз жобалары бойынша мамандармен тікелей пікір алмасуға мүмкіндік берді.
​«Даму» қоры өңірлердегі кәсіпкерлермен кездесулерін жалғастырады.
​ Іс-шараға қатысқан Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері Шынар Мусина мен Мариям Құсайынова бизнес өкілдерінің сұрақтарына толық жауаптар берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1295958?lang=ru