Ақмола облысында туризм саласы өкілдеріне арналған тегін семинарлар циклі өтеді

Ақмола облысында туризм саласы өкілдеріне арналған тегін семинарлар циклі өтеді

13.04.2026 18:47:30 260

Жазғы туристік маусымның ашылуы қарсаңында Ақмола облысының Туризм басқармасы «Visit Aqmola» туристік ақпараттық орталығымен бірлесіп, өңірдің туризм саласы өкілдеріне арналған тегін оқыту семинарларының циклін өткізеді.

Семинарларға гид-экскурсоводтар, маркетинг және жарнама саласының мамандары, сондай-ақ туристік қызметтерді цифрландыруға қызығушылық танытқан бизнес өкілдері шақырылады.

Өтетін орны: Бурабай курорты, «Wyndham Garden Burabay» қонақ үйі

Өтетін күндері:
* 2026 жылғы 14–15 сәуір — гид-экскурсоводтарға арналған
* 2026 жылғы 28–29 сәуір — маркетинг және жарнама
* 2026 жылғы 5–6 мамыр — цифрландыру

Семинарлардың мақсаты — туристік қызметтердің сапасын арттыру, қатысушылардың кәсіби құзыреттерін дамыту және саланы жазғы маусымға дайындау.

Қатысу үшін алдын ала тіркеуден өтіп, қатысушылар туралы мәліметтерді келесі телефон нөмірлеріне жолдау қажет:
📞 8 777 593 38 98
📞 8 747 705 22 48

Барлық қызығушылық танытқан мамандарды қатысуға шақырамыз және кәсіби деңгейлеріңізді арттыруға мүмкіндік алуға үндейміз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-tourism/press/news/details/1199955?lang=kk