Кедендік транзит рәсімі бойынша тауарларды әкелу тәртібі
17.04.2026 09:47:41 152
Тауарларды кедендік транзит рәсімі бойынша әкелу тәртібі ЕАЭО құқығымен және Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасымен реттеледі. Кедендік транзит — бұл шетелдік тауарларды кедендік бақылаумен бір кеден органынан екінші кеден органына кедендік баждар мен салықтарды төлемей тасымалдау рәсімі.
Транзиттік тәртіп декларацияны шекарада ресімдеуді, тауарларды жеткізу мерзімдерін белгілеуді, сондай-ақ пломбалар мен мөрлерді қолдануды қамтиды. Шетелдік тауарлар транзиттің бүкіл кезеңі ішінде өз мәртебесін сақтайды. Рәсімнің негізгі элементі — транзиттік декларацияны ұсыну, онда тауар туралы мәліметтер, тасымалдау бағыты, жөнелтуші, алушы және көлік құралы туралы деректер көрсетіледі.
Декларацияға қосымша ретінде тасымалдау құжаттары (жүкқұжаттар, CMR), тауарға ілеспе құжаттар (инвойс, шот-фактура), сондай-ақ кедендік төлемдерді төлеуді қамтамасыз ету ұсынылады. Қамтамасыз ету ретінде ақшалай кепіл, банктік кепілдік немесе кепілгерлік қолданылуы мүмкін
Тауарларды кедендік транзит рәсімімен орналастыру кезінде жөнелтуші кеден органы кедендік транзит мерзімін белгілейді, тауарларды жеткізу орнын айқындайды, осы Кодекстің 427-бабына сәйкес тауарларды, оларға арналған құжаттарды сәйкестендіруді жүзеге асырады.
"Транзиттік декларацияны қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасына сәйкес, мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі, яғни транзиттік декларацияны қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну
1) көрсетілетін қызметті ұсынушы;
2) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1202729?lang=kk