Отырар алқабының қалалық мәдениеті және тарихи-мәдени мұрасы

Отырар алқабының қалалық мәдениеті және тарихи-мәдени мұрасы

17.04.2026 10:57:43 321

Бүгін "Руханият" орталығында 18 сәуір - Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күніне орай Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің “МУЗЕЙ TOUR: экспонаттар экспедициясы” кешенді жобасы аясында “Отырар” мемлекеттік археологиялық музей-қорығының “Отырар алқабының қалалық мәдениеті және тарихи-мәдени мұрасы” атты көшпелі көрмесінің ашылу рәсімі өтті.

Ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Диас Молдабаев, зиялы қауым өкілдері, тарихшылар мен өлкетанушылар, студенттер, музей мамандары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Көрменің мақсаты - Отырар алқабының сан ғасырлық қалалық мәдениеті мен тарихи-мәдени мұрасын кеңінен таныстыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу.

Шараның қонақтарына көрме бойынша экскурсия жүргізіліп, Отырар алқабындағы қалалық өмір, тұрмыс, егіншілік, қолөнер, сауда-саттық жайында толыққанды мәліметтер айтылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1202853?lang=kk