«Сайлау күні учаскелік сайлау комиссияларының жұмысын ұйымдастыру»

«Сайлау күні учаскелік сайлау комиссияларының жұмысын ұйымдастыру»

20.04.2026 15:03:54 317

     2026 жылғы 17 сәуірде Абай облысының аумақтық сайлау комиссиясы «Сайлау күні учаскелік сайлау комиссияларының жұмысын ұйымдастыру» тақырыбында семинар өткізді.
    Семинарға Курчатов қаласының аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері, сондай-ақ учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары, төраға орынбасарлары және хатшылары қатысты.
    Семинар барысында қатысушылар сайлаушылар тізімдерімен жұмыс жүргізу, сайлау күні учаскелік сайлау комиссияларының қызметін ұйымдастыру, мүгедектігі бар адамдар үшін сайлау учаскелерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ бақылаушылармен, сенім білдірілген тұлғалармен және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша практикалық жұмыстар орындады. Семинар соңында сертификаттар табысталып, белсенді комиссия мүшелері марапатталды

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kurchatov/press/news/details/1204362?lang=kk