Деструктивті діни ағымдардың алдын алу бойынша семинар өтті

Деструктивті діни ағымдардың алдын алу бойынша семинар өтті

20.04.2026 18:22:23 427

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Әдеп жөніндегі уәкілінің жұмыс жоспары шеңберінде 2026 жылғы 20 сәуірде ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Дін істері комитеті Ақпараттық-түсіндіру жұмысын үйлестіру басқармасының бас сарапшысы М. Қалабаева және Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының Стратегиялық талдау бөлімінің бастығы Е.Берікбаевтың қатысуымен «Деструктивті діни ағымдардың таралуының алдын алу» тақырыбында семинар өтті.

Семинар барысында қатысушыларға діни қауіпсіздік саласындағы заманауи сын-қатерлер, деструктивті діни ағымдардың белгілері, сондай-ақ олардың алдын алу шаралары туралы ақпарат ұсынылды.

Спикерлер мемлекеттік қызметшілердің құқықтық және дінтану сауаттылығын арттыруға бағытталған мазмұнды баяндамалар жасады.

Деструктивті идеологияға қарсы іс-қимыл мәселелеріне және қызметшілердің бойында төзімділік иммунитетін қалыптастыруға ерекше назар аударылды.

Экстремистік идеологияларға, деструктивті діни ағымдарға тарту тәуекелдеріне қарсы тұру, сондай-ақ осындай қауіп-қатерлерге тұрақты иммунитетті қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қатысушыларға заңнаманың нормалары, соның ішінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің әлеуметтік, ұлттық және діни алауыздықты қоздыруға қатысты 174-бабының ережелері егжей-тегжейлі түсіндірілді.

Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар деструктивті діни ұйымдарға тартудың алдын алу бойынша қызықтырған сұрақтары мен практикалық ұсыныстарға жауап алды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/gosreestr/press/news/details/1204760?lang=kk