Қазақстанның Қасиетті Тақ жанындағы Елшісі Мажарстан Елшісімен кездесті
21.04.2026 08:10:38 328
2026 жылғы 20 сәуірде Қазақстан Республикасының Қасиетті Тақ жанындағы Елшілігінде Елші Тимур Пірімбетов Мажарстанның Қасиетті Тақ жанындағы Елшісі Петер Квечкпен кездесу өткізді.
Қазақстан Елшісі мажарлық әріптесін жуырда сенім грамоталарын тапсыруымен құттықтап, оның Қасиетті Тақ жанындағы дипломатиялық қызметіне табыс тіледі.
Кездесу барысында тараптар қазақ-мажар ынтымақтастығының деңгейін жоғары бағалап, халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.
Қазақстан Елшісі сұхбаттасушыны Қазақстан Республикасында жүргізіліп жатқан, мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртуға және демократиялық институттарды нығайтуға бағытталған ауқымды саяси реформалар туралы хабардар етті. Жаңа Конституцияның қабылдануына, сондай-ақ Қазақстанның дінаралық диалогты дамыту жөніндегі бастамаларына, соның ішінде Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезін өткізуге ерекше назар аударылды.
Петер Квечк, өз кезегінде, Мажарстанның Қасиетті Тақпен және Егемен Мальта Орденімен өзара іс-қимыл жасау тәжірибесімен бөлісті.
Кездесу жылы әрі достық жағдайда өтті. Қорытындысы бойынша сұхбаттасушылар екіжақты қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша сындарлы диалогты жалғастыруға уағдаласты.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-vatican/press/news/details/1204856?lang=kk