Қазақстанның жастар делегациясы БҰҰ штаб-пәтерінде өткен Жастар форумында еліміздің бастамаларын ұсынды

Қазақстанның жастар делегациясы БҰҰ штаб-пәтерінде өткен Жастар форумында еліміздің бастамаларын ұсынды

21.04.2026 08:10:49 344

Нью-Йорк, 2026 жылғы 17 сәуір - 2026 жылғы 14-16 сәуір аралығында Нью-Йорктегі БҰҰ штаб-пәтерінде БҰҰ Экономикалық және Әлеуметтік Кеңесінің (ЭКОСОС) Жастар форумы өтті.

Іс-шараға Қазақстанның өкілді жастар делегациясы қатысты. Оның құрамына ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі тиісті құрылымдарының басшылығы, ірі жастар ұйымдары мен студенттік қозғалыстардың көшбасшылары, саяси партиялардың жастар қанаттары мен ұлттық волонтерлік желінің жетекшілері кірді.

ЭКОСОС Жастар форумы – жас көшбасшылардың үкімет өкілдерімен, саясаткерлермен және азаматтық қоғаммен өзара әрекеттесуіне мүмкіндік беретін БҰҰ-ның негізгі тұғырнамасы. Форум идеялармен алмасуға, инновациялық шешімдерді көрсетуге және 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған Тұрақты даму саласындағы жаһандық күн тәртібін және оның 17 Орнықты даму мақсатын (ОДМ) іске асырудағы жастардың рөлін арттыруға арналған алаң қызметін атқарады. 2026 жылғы форум ОДМ-ге қол жеткізуді жеделдету үшін трансформациялық, әділетті, инновациялық және үйлестірілген іс-әрекеттер тақырыбына арналды.

Қазақстандық делегация жаһандық жастар күн тәртібін қалыптастыруға белсенді қатысты. Қазақстан өкілдері екі негізгі пленарлық сессияда сөз сөйлеп, «жасыл» энергетикаға көшу және Қазақстандағы тұрақты әрі инклюзивті қалаларды дамыту саласындағы Қазақстанның бастамалары мен еліміздің жастарының көзқарасын ұсынды.

Негізгі сессиялардан бөлек, делегация көптеген тақырыптық іс-шараларға қатысып, бірқатар екіжақты кездесулер, соның ішінде БҰҰ Бас хатшысының жастар істері жөніндегі көмекшісі Ф. Паульермен және басқа елдердің жастар өкілдерімен кездесулер өткізді.

БҰҰ Экономикалық және әлеуметтік мәселелер жөніндегі департаментінің Жастар делегаттары бағдарламасының өкілдерімен кездесуде БҰҰ Жастар делегаттарының ұлттық бағдарламасын құру және іске қосу бойынша практикалық қадамдар талқыланды. Бұл еліміздің жастар өкілдерін БҰҰ Бас Ассамблеясы мен басқа да органдарының жұмысына қатысу үшін тұрақты негізде жіберуге мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kazakhstanun/press/news/details/1204843?lang=kk