Ғылым апталығы: студенттерге құқықтық жаңашылдықтар туралы айтылды

Ғылым апталығы: студенттерге құқықтық жаңашылдықтар туралы айтылды

21.04.2026 16:13:10 365

«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында, сондай-ақ «Ғылым апталығы» шеңберінде СҚО бойынша ҚАЖ департаментінің бас маманы әділет майоры Екатерина Говоркова мен оқытушы Оксана Шуттың қатысуымен М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің тарих, экономика және құқық факультетінің «Құқықтану» мамандығы бойынша білім алатын 3 курс студенттеріне ашық сабақ өткізілді.

Кездесудің тақырыбы – «Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға бақылау жасау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар». Сабақ барысында қолданыстағы заңнамадағы негізгі жаңашылдықтар, сондай-ақ аталған санаттағы тұлғаларға әкімшілік қадағалауды жүзеге асыру ерекшеліктері жан-жақты түсіндірілді.

Сонымен қатар, Қазақстандағы құқықтық мәдениетті қалыптастыру мәселелері, заңдылық пен құқықтық тәртіпті сақтаудың маңызы, қайталама құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы мемлекеттік органдардың рөлі талқыланды.

Студенттер белсенділік танытып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан толыққанды жауап алды. Осындай іс-шаралар болашақ заңгерлердің құқықтық сауаттылығын арттыруға және мемлекеттік органдар мен білім беру ұйымдары арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға ықпал етеді.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duissko/press/news/details/1205455?lang=kk