«Педагогикалық дебют» облыстық байқауының қорытындысы
27.04.2026 16:51:21 141
ШҚО ББ «Өркен» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми - әдістемелік орталығы» КММ жалпы орта білім беру ұйымдарының орыс тілі мен әдебиеті пәнінің жас мұғалімдеріне арналған «Педагогикалық дебют» облыстық байқауын өткізді.
Байқаудың мақсаты: жас мұғалімдердің кәсіби өсуін қолдау және дамыту, педагог мамандығының беделін арттырып, тиімді педагогикалық тәжірибені тарату.
Облыстық кезеңге қалалық және аудандық кезеңнің 10 жеңімпазы қатысты. Комиссия мүшелері қатысушы мұғалімдердің жұмыстарын бағалап, нәтижелерін қорытындылады:
- І дәрежелі диплом, Мұратова Диана Мұратқызы, Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 37 көпбейінді орта мектебі» КММ;
- ІІ дәрежелі диплом, Александрова Марина Васильевна, Риддер қаласы бойынша білім бөлімінің «Дінмұхамед Қонаев атындағы №3 орта мектебі» КММ;
- ІІІ дәрежелі диплом, Худякова Дарья Ивановна, Глубокое ауданы бойынша білім бөлімінің «№2 Белоусовка жалпы білім беретін мектебі» КММ.
Байқау барысында қатысушылар өздерінің кәсіби шеберлігін жоғары деңгейде танытып, сабақта заманауи әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана алатынын дәлелдеді. Шара тәжірибе бөлісуге мүмкіндік беріп, жас педагогтерге жаңа серпін сыйлады. Сонымен қатар, байқау жас мамандарды қолдаудың өзектілігін айқындап, олардың өңірлік білім беру жүйесінің дамуына қосатын үлесін көрсетті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/1209681?lang=kk