KazAID денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықты нығайтады

KazAID денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықты нығайтады

28.04.2026 13:31:37 195

2026 жылғы 24 сәуірде KazAID Басқарма Төрағасы А.Арыстанов Астана қаласындағы Өңірлік экологиялық саммитке қатысуға келген GAVI (Global Alliance for Vaccines and Immunization) Жаңа инвестициялар бөлімінің басшысы Масао Такахашимен кездесті.

Кездесу барысында GAVI өкілдері ұйымның қызметі мен дамушы елдерде тұратын адамдардың жаңа вакциналарға қолжетімділігін жақсарту бойынша жобалары туралы ақпаратпен бөлісті. Ұйым балалар өлімін азайту, аурулардың алдын алу және иммундау арқылы пандемия мен эпидемиялардың салдарын жеңуге көмектесу үшін жұмыс істейді.

Өз кезегінде қазақстандық тарап GAVI-мен бірге жұмыс жасауға және сындарлы ынтымақтастықты дамытуға дайын екенін білдірді.

 

Анықтама:

Қазақстанның Халықаралық даму агенттігі «KazAID»– 2020 жылы Қазақстан Үкіметі құрған ресми даму көмегін (ДРК) жүзеге асыратын агенттік. Агенттіктің миссиясы – даму ресми көмегі саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, серіктес елдерде даму мен тұрақты өсімді ілгерілету, Қазақстандағы әртүрлі салалардағы жетістіктерді көрсету және әртүрлі елдердің мамандары арасында тәжірибе алмасу мен байланыс орнатуды жеңілдету.

GAVI (Вакциналар мен иммундау жөніндегі жаһандық альянсы) дамушы елдердегі балаларды вакцинациялауға қолжетімділікті арттыруға бағытталған жеке және мемлекеттік ұйымдардың серіктестігі. GAVI 2000 жылы вакциналарды тарату механизмдерінің нашарлаған тұста құрылды.

GAVI альянсына бірнеше дамыған елдердің мүшелері, ДДҰ, ЮНИСЕФ, Дүниежүзілік банк, әртүрлі елдердің вакцина әзірлеушілері мен өндірушілері, ғылыми-техникалық агенттіктер, қоғамдық ұйымдар және әртүрлі филантроптар кіреді. GAVI вакцина қорымен бірге 70-тен астам елге, соның ішінде Африка мен Азияның көпшілігіне вакциналарды жеткізеді.

 

БАҚ үшін байланыс: a.kopisheva@kazaid.kz.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazaid/press/news/details/1210362?lang=kk