2026 жылғы 28 сәуірде "БЖЗҚ инвестициялық порталы – зейнетақы активтері туралы ақпарат" тақырыбында "Ашық есік күні" өтті

2026 жылғы 28 сәуірде "БЖЗҚ инвестициялық порталы – зейнетақы активтері туралы ақпарат" тақырыбында "Ашық есік күні" өтті

28.04.2026 17:28:28 194

2026 жылғы 28 сәуірде БЖЗҚ дәстүрлі түрде "Ашық есік күні" онлайн-кездесуін өткізді. Оның аясында қатысушыларға invest.enpf.kz жаңа инвестициялық порталы ұсынылды. Іс-шара барысында Қор мамандары жаңа порталдың салымшылар үшін жасалған таптырмас мүмкіндіктері туралы баяндап берді. Қатысушыларға зейнетақы қаражатының бір бөлігін жеке инвестициялық портфельді басқарушының (ИПБ) сенімгерлік басқаруына беру арқылы өз жинақтарының кірістілігіне дербес ықпал етуге құқылы екендіктерін ескертті: міндетті және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан жинақтардың 50%-на дейін және ерікті зейнетақы жарналарының 100%-на дейін аударуға болады.

Кездесу аясында қатысушылар платформаның функционалдығымен, зейнетақы активтерін инвестициялау қағидаттарымен, инвестициялық көрсеткіштерді талдау тәсілдерімен, сенімгерлік басқарушыны таңдау өлшемдерімен және т.б. танысты.

Портал бір цифрлық кеңістікте инвестициялар туралы негізгі ақпарат: базалық ұғымдарды, сенімгерлік басқарушылар туралы деректерді, зейнетақы активтерін орналастыру құрылымын, инвестициялық стратегиялар мен қаржылық көрсеткіштерді қазақ және орыс тілдерінде біріктіретіні атап өтілді. Пайдаланушылар ИПБ мен ҚРҰБ-тың кірістілігін, портфель құрылымын және басқару нәтижелерін дербес салыстырып, көрсеткіштердің динамикасын бақылай алады.

Кездесу барысында Қор мамандары порталдың жас салымшылар үшін маңыздылығын атап өтті. Себебі жастар өз жинақтарын басқарудың неғұрлым тиімді стратегияларын таңдауға қатыса алады. invest.enpf.kz жаңа ыңғайлы порталы инвестициялау құралдарын зерделеп, талдау мүмкіндіктерін ұсына отырып, қазақстандықтардың өз жинақтарын басқаруға неғұрлым белсенді қатысуын ынталандыруға ықпал етеді.

Іс-шара интерактивті форматта өтті: қатысушылар Қор мамандарына сұрақтар қойып, түсініктемелер, сондай-ақ жеке кеңестер алды. Онлайн-формат әртүрлі өңірлердің азаматтарына кездесуге қосылуға және өзекті ақпаратты тікелей сарапшылардан алуға мүмкіндік берді.

Айта кетейік, 2026 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша БЖЗҚ салымшылардың жалпы сомасы 130 млрд теңгеден асатын жинақтарын ИПБ-ға аудару туралы 128 450 өтінішін орындады. Естеріңізге сала кетейік, қазір нарықта инвестициялық портфельді басқаруға лицензиясы бар және зейнетақы активтерін басқаруға бекітілген талаптарға сәйкес келетін 5 ИПБ жұмыс істейді. Олардың ішінде: "Alatau City Invest" АҚ, "BCC Invest" АҚ, "Halyk Global Markets" АҚ (2027 жылғы 1 қаңтардан бастап – осы ИПБ-ның бастамасы бойынша шарттың күші жойылады), "Halyk Finance" АҚ және "Сентрас Секьюритиз"АҚ. ИПБ-лардың инвестициялық стратегиялары, ай сайынғы шолулар және әрбір ИПБ-ның инвестициялық қызметінің нәтижелері invest.enpf.kz порталында, сондай-ақ enpf.kz сайтындағы "Статистика және талдау - Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару" бөлімінде орналастырылған.

БЖЗҚ халықтың қаржылық-құқықтық сауаттылығын арттыру жұмысын жүйелі түрде жалғастыруда. Мәселен, 2025 жылы 800 мың адамды қамтитын 38 мыңнан астам ақпараттық кездесу өткізілді, сондай-ақ азаматтардың 400 мыңға жуық өтініші өңделді. Өткізілген "Ашық есік күні" қатысушыларға өздерінің зейнетақы жинақтарын түсініп, басқаруға қажет нақты құралдарды ұсынатын маңызды қадам болды.

 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

 

 

 

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/1210826?lang=kk