Гуанчжоуда «Достық» орденін табыстау рәсімі өтті

Гуанчжоуда «Достық» орденін табыстау рәсімі өтті

29.04.2026 09:44:29 187

Гуанчжоу, 2026 жылғы 29 сәуір – Қазақстан Республикасының Гуанчжоу қ. Бас консулдығында «China Construction Bank» банкінің Шэньчжэнь қалалық филиалы басқарушысының орынбасары Ван Сунхуаға II дәрежелі «Достық» орденін табыстау рәсімі өтті.
Мемлекеттік награданы Қазақстан Республикасының атынан Гуанчжоу қаласындағы Қазақстанның бас консулы Уәлихан Сәрсембеков табыс етті.
Рәсім барысында бас консул Ван Сунхуаның Қазақстан мен Қытай арасындағы қаржы-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға, инвестициялық байланыстарды нығайтуға, сондай-ақ банк және инфрақұрылым салаларындағы бірлескен жобаларды іске асыруға қосқан елеулі үлесін атап өтті. Сонымен қатар, «China Construction Bank» банкінің екіжақты бастамалар мен жобаларды қолдаудағы маңызды қаржы институттарының бірі ретіндегі рөлі ерекше атап өтілді.
Іс-шара аясында тараптар қаржы-инвестициялық саладағы өзара іс-қимылдың келешегін, соның ішінде қазақстан-қытай жобаларын қолдауды кеңейту, қаржыландыру тетіктерін дамыту және цифрлық қаржы технологиялары саласындағы ынтымақтастықты тереңдету мәселелерін талқылады.
Өз кезегінде Ван Сунхуа жоғары награда үшін алғыс білдіріп, қазақстандық әріптестермен ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге, оның ішінде жаңа инвестициялық және инфрақұрылымдық бастамаларды іске асыруға мүдделі екенін жеткізді.
Марапатты табыстау рәсімі Қазақстан мен Қытай арасындағы қаржы-экономикалық ынтымақтастықтың жоғары деңгейін тағы да растады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-guangzhou/press/news/details/1210968?lang=kk