Астанада дипломатиялық корпус өкілдерінің қатысуымен дәстүрлі «Достық таңғы асы» өтті
01.05.2026 08:14:31 248
Астана, 2026 жылғы 30 сәуір – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев елімізде аккредиттелген дипломатиялық миссиялар басшылары мен халықаралық ұйымдар өкілдерінің қатысуымен өткен жыл сайынғы «Достық таңғы асы» кездесуіне қатысты.
Өз сөзінде ол Қазақстанның сыртқы саясатындағы негізгі басымдықтары мен елдегі соңғы ішкі саяси реформалар туралы айтып өтті. Қазақстан барлық серіктестерімен ынтымақтастықты одан әрі дамытуын жалғастырып, қақтығыстарды тек бейбіт жолмен – диалог арқылы және халықаралық құқық пен БҰҰ Жарғысы негізінде шешуді қолдайтыны атап өтілді. Сондай-ақ Қазақстанның Түркістан қаласында бейбіт келіссөздер өткізу үшін алаң ұсынуға дайын екені расталды.
Дипломатиялық корпус дуайені, Палестина Елшісі Монтасер Абу Зейд мұндай кездесулердің өзекті халықаралық мәселелер бойынша ашық пікір алмасу және бейресми диалог жүргізу үшін маңызды екенін атап өтті.
Іс-шараға дипломатиялық корпус пен халықаралық ұйымдардың, соның ішінде БҰҰ, АӨСШК және Дүниежүзілік банк өкілдерін қоса алғанда, 60-тан астам өкілі қатысты.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1212883?lang=kk