Сыртқы саяси ведомствода жастардың «қоғамдық дипломатияны» және этносаралық келісімді ілгерілетудегі рөлі талқыланды
01.05.2026 08:14:33 266
Астана, 2026 жылғы 30 сәуір – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетовтің «Ассамблея жастары» РҚБ белсенділерімен кездесуі өтті.
Қазақстан халқының бірлігі күніне орай ұйымдастырылған іс-шара жастарды сыртқы саяси бастамаларға тарту және этносаралық келісімді нығайту мәселелеріне арналды.
Кездесу барысында СІМ басшысының орынбасары жүйелі мемлекеттік жастар саясаты Мемлекет басшысының стратегиялық басымдығы болып табылатынын атап өтті.
«Еліміздің қазіргі тарихындағы маңызды кезеңдердің бірі – жаңа Конституцияның қабылдануы. Бұл қадам саяси жүйені терең демократияландыру мен қайта жаңғыртудың символына айнала отырып, Әділетті Қазақстанның берік іргетасын қалады. Бұл жастар үшін бірегей тарихи мүмкіндіктер мен нақты әлеуметтік cатыларға қол жеткізуге мүмкіндік береді», - деп А.Исетов атап өтті.
Жас қазақстандықтар еліміздегі және шетелдегі өз қызметі туралы ақпаратпен бөлісіп, қоғамдық келісімді нығайтуға бағытталған бастамаларын таныстырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1212879?lang=kk