Құрметті сарбаздар мен сержанттар, офицерлер мен генералдар! Қадірлі отандастар!
01.05.2026 09:20:53 192
Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын! Біздің ең қымбат қазынамыз – туған жеріміздегі бейбітшілік пен қоғамдық келісім. Еліміздегі бірлік пен ынтымақ мемлекеттің орнықты дамуының берік тұғыры әрі оның болашақтағы кемелденуінің сенімді кепілі болып табылады. Осы құндылықтарды сақтау – әрбір азаматтың абыройлы борышы мен жауапты міндеті. Бүгінде еліміздегі түрлі этностар, мәдениеттер мен конфессия өкілдері қоғам өмірінің барлық саласында бір мақсатқа жұмылып, ел игілігі жолында аянбай еңбек етіп жүр. Сол арқылы олар Қазақстанның экономикалық әлеуетін нығайтуға, қоғамдық келісім мен тұрақтылықты бекемдеуге зор үлес қосып келеді. Бейбітшілік пен қауіпсіздіктің сенімді тірегі – Қазақстан Республикасының Қарулы күштері мемлекетіміздің егемендігі мен аумақтық тұтастығын қырағылықпен қорғап келеді. Түрлі ұлт өкілдері ортақ мұрат – Отанды қорғау жолында тізе қосып, бірлесе қызмет етіп жүр. Тәуелсіздік жылдарында бұл мереке ел бірлігін нығайтып, достықты, өзара түсіністік пен азаматтық жауапкершілікті дәріптейтін айрықша дәстүрге айналды. Барша әскери қызметшілер мен отандастарға зор денсаулық, баянды бақыт және ашық аспан тілеймін. Құрметпен, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты Д. Қосанов
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1212942?lang=kk