Бітімгерлік операциялар орталығының әскери қызметшісі 100 шақырымды сәтті еңсерді

Бітімгерлік операциялар орталығының әскери қызметшісі 100 шақырымды сәтті еңсерді

05.05.2026 17:19:42 180

Алматы облысындағы Іле өзенінің аңғарында Қазақстан мен Орталық Азиядағы ең күрделі әрі беделді ультрамарафондардың бірі – TENGRI ULTRA 2026 өтті.

Оған Қазақстанның түрлі өңірлері мен шетелдерден 185-тен астам спортшы қатысты.

Ерекше климаттық және табиғи жағдайлар, әртүрлі рельеф, шатқалдар мен дала аймақтары спортшылардан температураның күрт өзгеруіне дайын болуды, жоғары төзімділікті және күшті дұрыс пайданануды талап етті.

100 шақырым қашықтықты таңдаған Қорғаныс министрлігінің Бітімгерлік операциялар орталығының жауынгерлік және дене дайындығы қызметінің жауынгері сержант Алтай Әбіш бұл қашықтықты 15 сағат 33 минутта еңсерді.

– Алтай Әбіш жоғары деңгейдегі дене дайындығын, мақсатқа ұмтылысын және экстремалды жағдайларда тапсырмаларды орындауға дайын екенін көрсетті, – деп атап өтті Бітімгерлік операциялар орталығының жауынгерлік және дене дайындығы басқармасының бастығы подполковник Алмат Кенжеев.

Әскери қызметшінің нәтижесі жүйелі дайындық пен тәртіп ең күрделі сынақтарды да сәтті еңсеруге мүмкіндік беретінін айқын дәлелдеп берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1214661?lang=kk