Маңғыстау облысы МКД командасы — Атыраудағы спартакиаданың жалпыкомандалық жеңімпазы!
30.06.2026 18:26:47 11
Атырау қаласындағы Х. Досмұхамедов атындағы «Жайық» мәдени-спорттық кешенінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің бастамасымен Батыс өңірі мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлері арасында аймақтық спартакиада өтті.
Іс-шараға Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарының төрт командасы қатысты. Спортшылар бес спорт түрінен сынға түсті: мини-футбол, волейбол, шахмат, үстел теннисі және киберспорт (Counter-Strike және DOTA 2).
Жалпыкомандалық бірінші орынды Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің командасы жеңіп алды. Әріптестерімізді жарқын жеңісімен құттықтаймыз! Бұл — командалық жұмыс, спорттық шеберлік және нағыз бірлік рухының нәтижесі.
Спартакиада спорттық жетістіктер алаңы ғана емес, өңаралық ынтымақтастықты нығайтуға, салауатты өмір салтын насихаттауға және мемлекеттік қызметшілер арасында дене шынықтыруды дамытуға маңызды оқиға болды. Аймақтық кезеңнің жеңімпаздары республикалық деңгейдегі жарысқа жолдама алды.
Маңғыстау командасымен мақтанамыз! Маңғыстау — алға!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/1236518?lang=ru
