Мемлекеттік рәміздер күні аталып өтті
30.06.2026 18:45:51 204
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде мерекелік іс-шара өткізілді.
Іс-шара барысында қызметкерлер Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы, Мемлекеттік Елтаңбасы және Мемлекеттік Әнұранының тәуелсіз еліміздің басты құндылықтары ретіндегі маңызы туралы ақпаратпен танысты. Сондай-ақ мемлекеттік рәміздердің тарихы мен олардың қоғамдағы рөлі туралы айтылып, қатысушылар арасында патриоттық рух пен елге деген құрметті нығайтуға бағытталған түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Салтанатты жиын Мемлекеттік Әнұранның орындалуымен басталып, Департамент басшысы Т.Қ.Сарсембаев қызметкерлерді мерекемен құттықтап, ары қарай жиналыс мемлекеттік рәміздерді құрметтеудің маңыздылығын насихаттаумен жалғасты.
Іс-шараның мақсаты - мемлекеттік рәміздерге деген құрметті арттыру, қызметкерлер арасында отансүйгіштік құндылықтарды дәріптеу және ұлттық бірлікті нығайту.
@mkdzhambyl #САЛЫҚТАР #НАЛОГИ #кеден #рәміздеркүні
Жамбыл облысы бойынша МКД
Түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhambyl/press/news/details/1234527?lang=ru