Ерекше балаларға көрсетілген қамқорлық
30.06.2026 19:15:24 288
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні аясында аудан әкімі Жандос Еркінбек «Қармақшы ауданының психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне арнайы барып, бүлдіршіндерді мерекемен құттықтады.
Тағылымды іс-шараға аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Мереков, білім саласының ардагерлері Дәмелі Жалғасбаева, Талмаш Жұмабаева, құқық қорғау саласының ардагері Есет Назарқұлов, ата-ана Бадирша Рагибов қатысып, ерекше балаларға ізгі тілегін білдірді.
Аудан басшысы жылы лебізін айтып: «Балаларға жан-жақты қолдау көрсету, олардың сапалы білім алуы – негізгі бағытымыздың бірі. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады»,- деп атап өтіп, бүлдіршіндерге мерекеге орай сый-сияпаттар табыстады.
Мекеме 20 жылдан астам 0 жастан 18 жасқа дейінгі ерекше білім беруді қажет ететін балалар мен жасөспірімдерге түзете-дамыту, оңалту және әлеуметтік бейімдеу бағытында қызмет көрсетіп келеді. Қазіргі уақытта 60-қа жуық бала тәрбиеленіп, арнайы қызметтерімен қамтылуда.
Айта кету керек өткен жылы аудан әкімінің қолдауымен бұл мекеме жаңа ғимаратқа көшіріліп, балаларға қолайлы әрі заманауи жағдай жасалған болатын.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1232269?lang=ru