Сіздерді қасиетті Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
30.06.2026 19:38:38 48
Құрметті ауыл тұрғындары!
Сіздерді қасиетті Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл – мейірімділік пен жанашырлықтың, имандылық пен берекенің, бірлік пен татулықтың мерекесі.
Құрбан айт – үлкенге құрмет, кішіге қамқорлық көрсететін, адамдарды жақсылық пен ізгілікке бастайтын ерекше күн. Осындай қасиетті мейрамда әр шаңыраққа амандық, молшылық, қуаныш пен береке тілейміз.
Алла тағала шалған құрбандықтарыңызды, жасаған дұға-тілектеріңіз бен игі амалдарыңызды қабыл етсін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш, бірлігіміз бекем болсын!
Әр отбасыға зор денсаулық, бақыт пен шаттық тілейміз. Қасиетті мереке жүректеріңізге жылулық сыйлап, дастархандарыңызға құт-береке әкелсін!
Құрбан айт мерекесі құтты болсын!
Ізгі тілекпен,
Баянды ауылының әкімі Қадырбек Құдабайұлы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-bayandy/press/news/details/1230192?lang=ru
