Құқық қолдану тәжірибесінің мәселелері МКК ұйымдастырған семинарда талқыланды
01.07.2026 15:26:41 241
2026 жылғы 28–29 мамырда Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Заң басқармасының басшысы Мадина Жанғұрчинова Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң департаментінің директорының қатысуымен Мемлекеттік кірістер комитеті ұйымдастырған семинар-кеңеске қатысты.
Іс-шара барысында қатысушылар құқық қолдану және сот тәжірибесінің өзекті мәселелерін талқылап, даулы жағдайларды шешудің бірыңғай тәсілдерін қалыптастыру, сондай-ақ мемлекеттік органдардың соттардағы құқықтық ұстанымдарын нығайту мәселелерін қарастырды.
Осындай іс-шараларды өткізу құқықтық жұмыстың сапасын арттыруға және заңнаманы қолданудың бірыңғай тәжірибесін қалыптастыруға ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1238693?lang=ru
