«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ МӘЛІМДЕМЕСІ
03.07.2026 20:52:05 254
«Әділет» партиясы алдағы Құрылтай сайлауына қатысуға толықтай дайын екенін мәлімдейді.
Біз бұл сайлауды жаңа Конституцияны іске асырудың және Қазақстандағы демократиялық институттарды одан әрі нығайтудың маңызды кезеңі деп санаймыз. Партиямыз сайлауға нақты бағдарламамен, кәсіби командамен және азаматтар алдындағы жауапкершілікті терең сезіне отырып қатысады. Бағдарламамыз әділдік, заң үстемдігі, жауапкершілік, патриотизм және даму құндылықтарына негізделген.
Біз заң талаптарын қатаң сақтай отырып, азаматтардың еркін таңдау құқығын құрметтейтін адал, ашық әрі бәсекеге толы саяси додаға дайынбыз. Басты мақсатымыз – Әділетті Қазақстанды нығайтуға бағытталған нақты бастамаларды жүзеге асыру үшін қоғамның сеніміне ие болу.
Ашық саяси бәсеке, қоғам алдындағы жауапкершілік және Конституцияға құрмет – еліміздің табысты дамуының басты кепілі екеніне сенімдімін. Біз бұл жауапты іске әзірміз әрі оның нәтижесі үшін жауапкершілік алуға дайынбыз.
Әділетті Қазақстанды бірге құрайық!
